Атырауда жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді

835
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WJYDdD7SpniiUGtn4hOWRxMwcJbfkRWhBcpYslAu.jpg

Атырау облысы Доссор кентіндегі жанар-жағармай құю бекетінде автобус өртенді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін, 16 қарашада болған.

«Оқиға туралы дабыл 112 пультіне келіп түсті, тез арада ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдары арқасында жанармай құю станциясына оттың одан әрі таралуының алдын алды. Құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді»,- делінген хабарламада.

Министрлік зардап шеккендердің жоқ екенін атап өтті.

评论