ЕО-ның санкция өкіліне не көрінді? Қазақстанға бесінші сапары кейінге шегерілді

796
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/NGpGdhW6osZwJHEeBtHb6lmYK5dES5W97XiVEc3U.jpg

фото: Kaniuka Ruslan/Ukrinform/Future Publishing via Getty Images

ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливанның Қазақстанға сапары кейінгі мерзімге шегерілді, деп хабарлайды "Адырна".

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы еліміздегі ЕО өкілдігінің баспасөз қызметі мәлімдеген.

«ЕО-ның санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливанның сапары, өкінішке қарай, сырқатына байланысты кейінге қалдырылды. Осыған байланысты жоспарланған баспасөз конференциясы да өтпейді», – делінген ақпаратта.

Еуропалық одақтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дэвид О’Салливанның сапары сырқатына байланысты кейінге шегерілді.

«ЕО-ның санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О’Салливанның сапары, өкінішке қарай, сырқатына байланысты кейінгі мерзімге ауыстырылды. Осыған байланысты жоспарланған баспасөз конференциясы да өтпейді. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп мәлімдеді Еуропалық одақтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Дэвид О’Салливан үш жыл ішінде бесінші рет Қазақстанға сапар жасайын деп жатқанын хабарлаған едік.

ЕО елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Дэвид О’Салливан 18-19 қарашада Қазақстанға келіп, ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өткізуі керек болған.

О’Салливан Қазақстанға бұған дейін төрт рет келген. Ең алғашқы сапар 2023 жылғы қарашада, екінші рет келуі 2024 жылғы сәуірде, үшінші жұмыс сапары 2024 жылғы маусымда, төртінші рет 2025 жылғы қаңтарда өткен.
Елшілік атап өткендей, Еуропалық комиссия санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы елшінің лауазымын енгізген. Бұл лауазымның мақсаты — үшінші елдермен жоғары деңгейде үздіксіз талқылау жүргізіп, Ресейге қарсы енгізілген шектеулерді айналып өтуге жол бермеу.

 

评论