Эпидемиологиялық маусым. Бектенов Әлназароваға шұғыл тапсырмалар берді

715
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/w6knt211lyv3gEDBUAK6aJFXXSeODHTHvhSSRZ6w.jpg

Премьер-министр Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге медициналық қызметтің сапасын қатаң бақылауға алуды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін, 19 қарашада өтіп жатқан Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Көріп отырғанымыздай, вирустық аурулардың маусымы басталды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, көмекке жүгінген азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын бақылауға алуды тапсырамын»,- деп атап өтті ол.

Олжас Бектенов қажет болған жағдайда стационарларда қосымша орындар ашып, жылжымалы мобильді бригадалар жұмысын ұйымдастыруға дайын болу қажеттігін жеткізді. Дәріханалардың барлығында вирусқа қарсы препараттар қажетті мөлшерде болуы тиіс.

Үкімет басшысы вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін де айтты.

Бақылау денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға жүктелді.

Айта кетейік, соңғы аптада елімізде ЖРВИ-дің 183 мың оқиғасы тіркелген. 2024-2025 жылдары өткен эпидемиялық маусымының осыған ұқсас аптасымен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 16%-ға артқан.

评论