Үлкен Алматы айналма жолының ақысы тағы да қымбаттайды

761
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yAx8fLcSARJIau54706bsyXpZu4FUdYqHTZNEAVw.jpg

2026 жылдан бастап Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында жаңа тариф енгізіледі. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, бұл өзгерістер жолақыны уақытылы төлеуді ынталандыруға бағытталған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

2026 жылдан бастап жол жүру тарифінің құнын арттыру жоспарланып отыр:

  • Жеңіл автокөліктер үшін — 0,07-тен 0,14 АЕК-ке дейін (605,5 ₸);
  • Көлік құралдарының басқа санаттары үшін — санатқа сәйкес мөлшерде (толығырақ кестеде).

️2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) мөлшері болжамға сәйкес 4 325 теңге болады.

Айта кетейік, тариф жолда бір сағатқа тең мөлшердегі уақытқа және көлік құралының санатына байланысты есептеледі.

Тарифтердің өзгеруімен қатар алдын ала төлем немесе кейінгі төлем қолданылған жағдайда 50% жеңілдік механизмін енгізу жоспарлануда:

Алдын ала төлем – ақылы жолға кіргенге дейін жеке шотқа немесе көлік нөміріне ақша қаражатын аудару. Бұл жағдайда пайдаланушыға белгіленген тарифтің 50% мөлшерінде жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі беріледі.

Кейінгі төлем – жолды жүріп өткеннен кейін 7 күнтізбелік күн ішінде төлем жасау жол ақысына 50% жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Егер төлем көрсетілген мерзім ішінде түспесе, 7 күн өткен соң берешек қалыптасады және жолақы жеңілдіксіз, толық мөлшерде өндіріледі.

“Талғар, Қарасай және Іле аудандарының елді мекендерінде тіркелген тұрғындарға арналған қолданыстағы айлық және жылдық абонементтердің құны өзгеріссіз қалады”, – делінген хабарламада. 

 

评论
其他材料