Қазақстанның халық әртісі дүниеден өтті

2621
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2NU2Yy2us1c3xyJ8r0ACvssfJ0f3Y1PWkGZmA9AI.jpg

Қазақстанның халық әртісі, көрнекті өнер қайраткері Рихангүл Махпирова 79 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 1946 жылдың 1 тамызында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында дүниеге келген.

Шығармашылық қызметін Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында бастаған. 1971–1977 жылдары Абай атындағы Жамбыл облыстық театрда еңбек етті.

1977 жылдан бастап Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында еңбек етті. Ұзақ жылдар бойғы сахналық қызметінде ол қазақ театр өнерінің алтын қорына енген сан алуан көркем, айшықты әрі көрермен жадында сақталған бейнелерді сомдады.

Мәдениет саласына сіңірген орасан еңбегі үшін Рихангүл Махпирова «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі» және «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атақтарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындары мен өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтты.

"Ел танымал өнер қайраткерінен айырылды. Марқұмның жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталады", – делінген ведомство хабарламасында.

评论
其他材料