Рим папасы XIV Лев Палестина мемлекетін құруға шақырды. Бұл туралы ол 30 қарашада Түркиядан Ливанға ұшып бара жатқан кезде айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Рим папасының пікірінше, бұл – ұзақ жылға созылған Палестина-Израиль қақтығысының жалғыз шешімі.
«Бәріміз білеміз, қазіргі уақытта Израиль бұл шешімді қабылдай қойған жоқ. Десе, де біз оны жалғыз дұрыс жол деп санаймыз. Біз Израильмен де достық қарым-қатынастамыз және екі тарапты әділ шешімге жақындастыруға көмектесетін делдал болуға талпынып келеміз»,- деді ол.
Еске салайық, 27 қарашада Рим папасы XIV Лев діни қызметтегі алғашқы сапарын Түркиядан бастаған еді.