Зейнетақы қорындағы қаржыны көз ауруларын емдеуге пайдалану тоқтатылды

592
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/eA2iHtBy4R1V4ygtqEFXJWyMzJz8RY3Ur3PlPmaH.webp

Отбасы банк 4 желтоқсаннан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері арқылы офтальмологиялық қызметтерді төлеуге өтінім қабылдауды тоқтатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Банк өкілдерінің айтуынша, бұл шешім Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен жаңа бұйрыққа байланысты қабылданған. Жаңа ережелер стоматология мен офтальмологияға зейнетақы қаражатын пайдалануға тыйым салады.

Алайда Отбасы банк осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралатынын атап өтті.

«Қазіргі уақытта банкте «офтальмология» бағыты бойынша жалпы сомасы 13,3 млрд теңге болатын 15808 өтінім бар. Оның ішінде:

5131 өтінім (4,6 млрд теңге) бойынша банк мамандары құжаттарды тексеріп жатыр;

10 677 өтінім (8,7 млрд теңге) бойынша клиенттерден қосымша құжат сұралуда.

Стоматология бойынша өтінімдер тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артты. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өсті»,-делінген хабарламада.

Банк бірқатар күмәнді жағдайларды анықтағанын да атап өтті. Әртүрлі клиенттер бір офтальмологиялық клиникамен келісімшарт жасаса да, құжаттарда клиника әр қалада орналасқан түрлі мекенжайлармен көрсетілген. Тексеру барысында бұл мекенжайларда мұндай клиниканың жоқ екені белгілі болған.

 

评论
其他材料