Түнгі клуб өртеніп, 25 адам қаза тапты

180
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CllwvtPkqeVJNWq5y9gCegAzznT3gZ1uFiUhu3M6.jpg

Үндістанның Гоа штатының солтүстігіндегі танымал түнгі клубта болған өрт кемінде 25 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды "Адырна" порталы ВВС-ге сілтеп. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың көпшілігі — танымал жағажайға жақын орналасқан Birch by Romeo Lane түнгі клубының қызметкерлері. Құрбандар арасында туристер де бар.

Полицияның болжамынша, сенбі күні түн ортасында клубтың асханасында газ баллоны жарылып, өрт шыққан.

Жексенбі таңертең ресми тұлғалар қаза болғандар саны 23-тен 25-ке дейін көбейгенін хабарлады.

«Өрт негізінен бірінші қабаттағы асхана маңында болды», — деді BBC-ге жергілікті полиция басшысы Алок Кумар.

Оның айтуынша, көптеген адамның денесі асхана жанынан табылған, бұл олардың клуб қызметкерлері болғанын көрсетеді.

Гоа штатының бас министрі Прамод Савант журналистерге үш адамның күйік салдарынан қаза тапқанын, ал қалғандары түтінге тұншығып өлгенін айтты.

评论
其他材料