Қытайлық жұмысшылар бір түнде 8 мың тонна асфальт төсеген

341
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UCepcz97dTLy2T6sqXoyoRRudGDY9UtMSP9K2Lth.jpg

Қытай астанасы Пекинде жұмысшылар 8 мың тонна асфальт төсеп, 2,4 шақырымдық айналма жолды небәрі алты сағатта толық ауыстырды. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол желіде «Қытай жылдамдығы» атты бейнеролик жариялап, ауқымды жұмыстың қалай атқарылғанын көрсетті. Бейнежазбада Пекиннің төртінші айналма жолын реконструкциялау кезеңдері және мегаполистегі экологиялық ахуалды жақсарту шаралары көрсетілген.

Белгілі болғандай, жол қызметі түн жарымында асфальт төсеуді бастап, шамамен алты сағаттан кейін жұмыстарды аяқтаған. Бұл іске асфальт төсегіш машиналар, жүк көліктері, ескі жабындыны сыпырып алуға арналған арнайы техникалар тартылған.

评论
其他材料