Келешек мектептегі педагог-шебердің ғылыми-әдістемелік ізденісі

173
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/bQuh01E0F3SIjt8YtQAln7sQ4609MG039QOxbUe2.jpg

«Білім - адам баласының ортақ қазынасы», - деп Жүсіп Баласағұни айтқандай, Қостанай қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында бой көтерген №32 мектеп білім беру ошағы ғана емес, тың серпілістің бастауы болды.

Келешек мектебі – мұғалімнің кәсіби әлеуетін толық ашуға бағытталған жаңашыл білім кеңістігі. Бұл орта педагогке ғылыми-әдістемелік ізденіс жүргізуге, инновациялық технологияларды еркін қолдануға, кәсіби дамудың үздіксіз ортасында өсуге мол мүмкіндік береді. Lesson Study, Action Research, PBL, CLIL, STEM сияқты әдістерді тәжірибеге енгізу арқылы мұғалім оқыту үдерісін терең зерттеп, тиімді шешімдер қабылдайды.

Осындай өркендеуге бағытталған білім ортасында Қостанай қаласы №32 мектептің педагог-шебері Алатаева Дина Давлетовна ғылыми-әдістемелік ізденістің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Ол контрастивті талдау, сабақ зерттеу, оқулық сараптамасы мен диагностиканы жүйелі қолдана отырып, оқушылардың зерттеушілік, тілдік және функционалдық сауаттылық дағдыларын қалыптастырады. Авторлық сабақтар, «Секреты текста» элективті курсы, зерттеушілік тапсырмалар мен іс-әрекеттегі зерттеу жұмыстары – оның кәсіби жаңашылдығы мен педагогтық шеберлігін айқындайды.

«Келешек мектептері – тек білім ордасы емес, ол әр оқушы мен мұғалімнің шығармашылық әлеуетін арттырып, жаңа идеяларды іске асыруға мүмкіндік беретін ерекше орта», -  дейді Алатаева Дина Давлетовна.

Келешек мектебінің кең мүмкіндігі – мұғалімге шығармашылық еркіндік беруінде және жеке кәсіби траекторияны қалыптастыруға толық жағдай жасауымен ерекшеленіп отыр.

Мұнда педагог авторлық бағдарламалар әзірлеп, өз материалдарын жариялап, ментор немесе зерттеуші ретінде дамуына мүмкіндік алады. Заманауи инфрақұрылым, цифрлық ресурстар және инновацияны қолдайтын басқару жүйесі мұғалімнің кәсібилігін жаңа деңгейге көтереді.

Сонымен қатар ынтымақтастыққа құрылған оқу ортасы, оқушыға бағытталған тәсіл, стресссіз тәртіп моделі және инклюзивті, кедергісіз орта - Келешек мектептің басты артықшылықтары. Мұндай қолдауы мол, ашық әрі дамуға бағдарланған орта әр педагогтің шабытын оятып, шығармашылық серпін береді.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» білім алушыларының ата аналары да білім ордасы жайлы өз пікірімен бөлісті: «Біздің балаларымыз мұнда тек білім алмайды, олардың ойлау қабілеті дамып, шығармашылыққа шабыт алады. Мұғалімдердің ынтасы мен мектептің қолдауы балалардың жетістігіне тікелей әсер етеді».

Ал ата-аналар мен қоғамды тарту арқылы жүзеге асатын бірлескен жобалар - мектеп мәдениетін жаңғыртуға ықпал етері сөзсіз.

Қостанайдағы «Келешек мектебі» – мұғалім үшін тек жұмыс орны емес, кәсіби өсудің, ғылыми ізденістің және педагогикалық жаңашылдықтың нағыз лабораториясы. Осындай ортада еңбектеніп жүрген Дина Давлетовна сынды шебер ұстаздардың тәжірибесі мектептің сапалы дамуына ғана емес, жас ұрпақтың болашағына да зор үлес қосуда. Жаңа технологиялар мен әдістерді тиімді қолдана білетін білікті ұстаздар мен заманауи цифрлық құралдарды ұштастыра алатын оқушылардың білім сапасы арта түспек.

评论
其他材料