Әуежайдағы тыйым. Полиция дабыл қақты

109
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TDaYZyKNYut9j3bgLhlnmZScsmg9pfy2NqIOBu5n.jpg

Полиция әуежай аумағында бейтаныс адамдардың сөмкесін немесе сәлемдемесін алып жүруге келісу ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, мұндай сәлемдемелердің ішінде есірткі заттары, қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, қылмыстық жолмен алынған ақша немесе басқа да тыйым салынған заттар болуы ықтимал. Құқық қорғау органдары «тек жеткізіп бердім» деген уәждің қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.

Полиция өкілдерінің айтуынша, «5 минут ұстай тұрсаңыз», «әуежайға дейін жеткізіп берсеңіз», «ақысын төлеймін», «ештеңе сұрамаңыз» сияқты өтініштер — аса қауіпті белгі.

"Бейтаныс адамның сөмкесін немесе сәлемдемесін ешқашан қабылдамаңыз және тасымалдамаңыз. Егер ақша ұсынылса, бірден бас тартыңыз. Мүмкіндігінше күмәнді адамның көлік нөмірін, сыртқы бейнесін есте сақтаңыз. Қысым көрсетілсе немесе күдік туындаса, дереу 102 нөміріне хабарласыңыз", — делінген полиция хабарламасында.

评论