«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өтті

191
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TYIhVlh8IlbWRA4NDPVsy9myS6cGcVOkGwUVenkv.jpg

Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз өмір сүруі ең алдымен заң үстемдігіне, тәртіп пен жауапкершілікке тікелей байланысты. Құқықтық мәдениеті жоғары, саналы әрі белсенді жас ұрпақ - әділетті қоғамның негізгі тірегі. Осы мақсатта «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында Жетісу облысында «Legal Talk: ашық микрофон» форматындағы жастар форумы өткізілді. 

Аталған форум жастар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді бірлесе талқылауға бағытталған маңызды алаңға айналды.

Форум ашық микрофон форматы болды. Бұл формат қатысушыларға өз ойларын еркін білдіруге, көкейінде жүрген сұрақтарын тікелей сала мамандарына қоюға және нақты, түсінікті жауап алуға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында заң мен тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, жастардың құқықтары мен міндеттері, интернет кеңістігіндегі қауіптер, құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптары кеңінен қозғалды.

Форумға спикер ретінде Жетісу облысы әкімінің орынбасары Есдәулетов Диас Рахметұлы, Жетісу облысының прокуроры Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы, Жетісу облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы, Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Байкенов Жасұлан Құдайбергенұлы қатысты.

Сала мамандары жастармен ашық пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы өзекті бағыттарға тоқталды.

Іс-шара барысында интерактивті ойын ұйымдастырылып, 1-орын иеленген қатысушыға алғыс хат пен сыйлық табысталды. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Бұл жастардың құқықтық тақырыптарға деген көзқарасын жеңіл әрі түсінікті форматта қалыптастыруға ықпал етті.

Аталған форум жұмысына 200-ге жуық жас тартылды. Форум жастардың азаматтық ұстанымын нығайтуға, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге және қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болды. Бұл - тек пікір алмасу алаңы ғана емес, жауапкершілігі жоғары, саналы қоғам қалыптастыру жолындағы нақты қадам.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Ақерке Есқараеваның айтуынша, іс-шара өте қызықты әрі мазмұнды өтті.

- Құқық қорғау органдарының басшылары мен облыс әкімі орынбасарының жастармен кездесуге арнайы келуі ерекше әсер қалдырды. Олар қойылған сұрақтарға ашық түрде жауап беріп, күрделі тақырыптардан қашқан жоқ. Мұндай формат заң мен тәртіптің іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Әсіресе дропперлік тақырыптың талқылануы есте қалды, себебі бұл қазіргі жастар үшін өзекті мәселе. Көп жағдайда оның салдарына мән берілмей жатады, сондықтан мұндай түсіндіру жұмыстары өте маңызды. Осындай жастармен ашық кездесулер алдағы уақытта да жиі ұйымдастырылса деген ойымыз бар, - деді ол.

评论
其他材料