Мереке қарсаңында. Банктегі қыруар қаржы қолды болған

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ryoMnm9pMwHQyWCv8zfeCqBF1mOjmZuWVZO5wpLS.jpg

Германияда банктегі сейфтерден қыруар қаржы ұрланған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Германияның батысындағы Гельзенкирхен қаласында белгісіз біреулер жаңа жыл мерекесін пайдаланып, бөлшек сауда банкі бөлімшесінің қоймасына заңсыз кірген.

Қаскөйлер тұтынушылардың сейфтік жәшіктерінен кемінде 10 миллион еуро көлемінде қолма-қол ақша мен құнды заттарды ұрлаған.

Полиция мәліметінше, қылмыскерлер банк бөлімшесінің қалың бетон қабырғасын бұрғылап тесіп, бірнеше мың сейфтік жәшікті бұзған. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы ондаған миллион еуроға жетуі мүмкін.

Германияда дүкендер мен банктердің басым бөлігі рождестволық мерекелерге байланысты 24 желтоқсан кешінен бастап жабылады. Ал құқық қорғау органдары қабырғадағы тесікті тек 29 желтоқсан күні таңертең өрт дабылы іске қосылғаннан кейін анықтаған.

Полицияның хабарлауынша, сенбі кешінде куәгерлер көрші көпқабатты автотұрақтың баспалдағымен бірнеше ер адамның үлкен сөмкелерді алып жүргенін көрген. Сондай-ақ дүйсенбі күні таңертең гараждан бетперде киген адамдар отырған қара түсті Audi RS 6 көлігі шыққаны туралы мәлімет түскен.

Анықталғандай, көліктің мемлекеттік нөмірі Ганновер қаласында, Гельзенкирхеннен 200 шақырымнан астам жерде бұрын ұрланған автокөлікке тиесілі болған.

评论