Жетісу облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жаңа туған нәрестені жедел медициналық көмек көрсету үшін әуеге көтерілді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, сәбиді Жаркент қаласынан Талдықорған қаласындағы медициналық мекемеге жеткізді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, ұшқыштар кішкентай науқасты барынша ұқыпты әрі жылдам тасымалдап, қала орталығына аман-есен жеткізген. Экипаждың үйлесімді жұмысы, тікұшақтың техникалық дайындығы және дәрігерлердің кәсібилігі баланың қауіпсіз тасымалдануына мүмкіндік берген.
Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің бақылауында.