Бір отбасыдан үш адам қаза болды

223
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2CM3tB8e8jVXsGOLQUS1LckaJsmWLdGeaZpuABnb.jpg

Шымкент қаласында бір отбасының үш мүшесі пәтерден өлі күйінде табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеп.

«Шығыс» шағынауданындағы пәтерлердің бірінен бір отбасының үш мүшесінің мәйіті табылды.

Ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады. Құтқару қызметін марқұмдардың көршілері шақырған.

Ведомствоның мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 16:36-да 112 пультіне бір пәтер тұрғындарының ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай, есік ашпағаны жөнінде хабарлама түскен. 

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілген. Есікті ашқаннан кейін пәтер ішінен үш адамның мәйіті табылған. Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай табиғи газдан улану салдарынан болуы мүмкін. Күш қолдану белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

评论