“Санкцияны бұзған”. АҚШ тағы бір танкерді ұстады

200
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SK4dY4DF6nDWtNopUiiuEBxGX37jVsSA21zWtRiu.webp

АҚШ қарулы күштері 9 ақпанда Ресейге тиесілі делінетін және халықаралық санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылатын деп саналатын Aquila II танкерін басып алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы DW-ға сілтеп.

БАҚ мәліметінше, бұл - 2025 жылдың желтоқсанынан бері ұсталған жетінші танкер.

Американдық әскери ведомствоның хабарлауынша, танкер санкция режимін бұзуға әрекет жасап, бірақ АҚШ күштері оны Кариб теңізінен Үнді мұхитына дейін қадағалап, бақылауға алды. Ведомство бұл іс-қимылды «заңсыз әрекет етушілерге ешбір ел қарсы тұра алмайтынының айқын көрінісі» деп сипаттады.

Aquila II IMO 9281152 нөмірімен тіркелген және АҚШ, Ұлыбритания, ЕО, Канада, Швейцария және Украина санкциялық тізімдеріне енгізілген.

Танкер Ресей мен Венесуэла мұнайын тасымалдаумен айналысып, кейде транспондерін өшіріп, орналасқан орнын жасыру тәсілдерін қолданады. Ол Sunne Co Limited компаниясына байланыстырылып, АҚШ тарапынан 2025 жылдың қаңтарында санкцияға ілінген. Танкер Ресей мен Венесуэла порттарынан, соның ішінде Қытайға тауар жеткізеді деп есептеледі.

Санкциялық шараларды бұзуға жол бермеу үшін АҚШ 2025 жылдың желтоқсанынан бері жеті танкерді ұстаған. Бұған дейін 15 қаңтарда Veronica танкері ұсталған болатын. Reuters агенттігінің хабарлауынша, барлық ұсталған кемелер "көлеңкелі флотқа" жатқызылып, Ресей, Иран және Венесуэла мұнайының шығу тегін жасыру схемасына қатысы бар деп есептеледі.

БАҚ-та Вашингтонның мұндай қатаң шараларға баруы Дональд Трамптың Владимир Путинге қарсы наразылығының күшеюімен байланысты екені хабарланған.

评论