Он бір көліктің соқтығысуымен жаппай жол апаты болды

92
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/fPigRVcy2KSVtLPvisvvuPWpaiamFqqLVZPvFHDz.jpg

Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тамды кенті маңында жаппай жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
2026 жылғы 10 ақпан сағат 10:45 шамасында республикалық маңызы бар KAZ09 «Ақтөбе – Қандыағаш – Доссор – Атырау – РФ шекарасы (Құрманғазы ө/п)» автомобиль жолында жаппай жол апаты болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі жолдағы кедергіні байқап, қозғалысын ішінара тоқтатқан. Соның салдарынан бір бағытта келе жатқан 11 көлік апатқа ұшырап, соқтығысу орын алған.
Оқиғаға байланысты 10 ақпан күні сағат 11:30-дан бастап аталған автожолдың 11–337 шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша шектелді. Қазіргі таңда апат орнында 7 бірлік арнайы техника жұмыс істеп жатыр: 2 кешенді жол машинасы, 2 тиегіш және 3 МТЗ техникасы.

Оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде Мәлік Орақов есімді қолданушы:

"Ақтөбеде боран кеше кешкісін басталды. Жолдарды жаппай ма?

112 хабарды кеше берді. Ешқандай жол жабылған жоқ. Нәтижесі мынау енді!
Мына жұрттың обалы кімге?!

МАИ қызметкерлері болса, қаланың ішінде қолдарына алкотест ұстап алып, өткен кеткен машиналарды тоқтатумен болып жүр", - деп жазба жариялаған.

评论