32 жылдан кейін. Қазақстаннан Олимпиада чемпионы шықты

623
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jvvNwXFKPxa7PqlxsYgOX6uifTZ8Bazzg91jwJJR.jpg

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына алғашқы медальді салды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері өзінің еркін бағдарламасында рекордтық 198.64 ұпай жинады. Жарыс барысында отандасымыз бірінші мәрте 5 рет төрттік секіру элементін сәтті орындай алды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Михаил Шайдоровты тарихи жетістігімен құттықтады.

«Михаил Шайдоровты Олимпиаданың чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл — талай жылғы тынымсыз еңбек пен табандылықтың, алға қойған мақсатқа деген сенімнің жемісі. Бүгін Михаил елге зор қуаныш сыйлап, отандық мәнерлеп сырғанаушылардың әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді. Бұл жетістік жас спортшыларға шабыт беріп, елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді»,- деді ол.

Турнирдің қорытындысы бойынша жапониялықтар Юма Кагияма 2-орынды, Шун Сато 3-орынды иеленді.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочи Олимпиадасының Денис Тен қола жүлде алған еді.

Айта кетейік, Қазақстан атынан Олимпиаданың алтын жүлдесін сонау 1994 жылы Лиллехаммер Олимпиадасында шаңғышы Владимир Смирнов алған еді.

评论