Олимпиада - 2026. Самоделкина қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты

351
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/OCdnDeKRJP9Jc8UK3juIpzn5NZSJvIsgTNkJmpw6.jpg

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Бұл туралы ҰОК жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Отандасымыз төрешілердің шешімімен 68.47 ұпай еншілеп, аралық 12-орынға тұрақтады. Осылайша ол қысқа бағдарламада жеке рекордын жаңартты.

Ал жапониялық Ами Накаи 78.71 ұпаймен қысқа бағдарламадан кейін аралық есепте көш бастады.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 19 ақпанда өтеді. Бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Олимпиада ойындарында алтын медальді жеңіп алған еді.

评论