Екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Оқиға Абай облысында 19 ақпанда республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, аталған жолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы көліктері соқтығысқан.
Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.