Экскаватор суға батып кетті. Ішінде адам болған

168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/s0YN5x4AAPRz6CnjoyNZk6xmAcDAj3QhzMC3N6GI.webp

Ақмола облысындағы карьерде жүргізуші экскаватормен бірге суға батып кетті, деп хабарлайды “Адырна”.

Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 20 ақпанында сағат 12:40 шамасында Ақмола облысы Целиноград ауданының полиция бөліміне Қабанбай батыр ауылы маңында болған оқиға туралы хабарлама түскен.

«Алдын ала мәлімет бойынша, саз өндіретін карьердегі су айдынында экскаватор батып кеткен. Кабина ішінде 1996 жылы туған жүргізуші болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел қызмет өкілдері жұмыс істеуде. Техниканы су айдынынан шығару шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда», – деп хабарлады ведомство.

 

Полиция өкілдері тексеру нәтижесіне сәйкес қолданыстағы заңнамаға сай процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті. Қосымша ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

评论