Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/AjYwcUBtFCoRIE7rtAtpK3mxQiBFHDdZ7jURCKm6.jpg

Жәнібек Әлімханұлы International Boxing Federation тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Федерация ережесіне сәйкес, отандасымыз өз белдігін тоғыз ай (2026 жылдың 4 шілдесіне дейін) ішінде қорғауы тиіс.

«Бүгін бір сағат бұрын IBF шешімі келді. IBF ұйымының қатал ережелері бар, хатында соған сілтеме жасалған. Хатқа сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетіледі. Сондай-ақ, ережелер бойынша әрбір чемпион өз белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы қажет»,– деді Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков.

Ол Әлімханұлының биыл үлкен рингке қайта оралып, бұрынғыдан да мықты боларына сенетінін жеткізді.

«Алдағы уақытта ол барлық төрт әлемдік белбеуді жеңіп алады деп ойлаймын. Сонымен қатар Жәнібек командасы бұл шешімге қатысты апелляция беретін болады», – деді Ерденбеков.

Қазіргі таңда отандасымыздың еншісінде тек WBO чемпиондық атағы қалды.

Еске салайық, 2025 жылдың желтоқсанында Әлімханұлы допинг сынамасынан өте алмаған еді. Сондай-ақ Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы спортшыны алты айға жекпе-жектерге қатысудан шеттеткен.

 

评论