Бес өңірге су тасқыны қаупі төніп тұр

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BYYYBFli7MX5uYQpssB5zpqslHYpJXBW9U32LBE7.jpg

Биыл көктемде су тасқыны қаупі бес өңірге төніп тұр. Бұл туралы Сенат кулуарында Төтенше жағдай вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".

Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдар табиғи апаттардың алдын алу үшін бірге жұмыс істеп жатыр. «Тасқын» жүйесі бес өңірде су тасқыны қаупі туындап тұрғанын көрсеткен.

«Олар: Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары. Жағдайды тәулік бойы бақылап отырмыз. 1 наурыздан бастап елде жедел штаб жұмысын бастады. Елдімекендерге төнген қауіп жоқ, жағдай бақылауда», –  деді ол.

Вице-министр елдімекендерді су басып қалмас үшін барлық тиісті шара жүргізіліп жатқанын атап өтті.

 

评论