Қыруар қаржыны шашып, пайдасыз жұмсауды доғару қажет – Тоқаев

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/LMKSUMrwYISuexZrl9OJmszC514t6Y2lKHsnYclC.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында сөз сөйледі. Ол әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамын білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн екенін айтты,  деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысы осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болатынын атап өтті. 

«Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет. Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. 

Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде «Қанша жұмыс орны ашылады, жеке инвестиция тартыла ма, бизнестің дамуына қандай жағдай жасалады, қанша салық төленеді?» деген сауалдарға нақты жауап берілуі керек. Күрішті күрмектен ажырата білу қажет. Бұл – барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихаттар депутаттары, ең алдымен, мемлекет мүддесіне қызмет ететін бір ұжым, бір команда деген сөз. 

Барлық аймақтың мәслихаттары мен әкімдіктері бірлесіп, бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті», - деді Президент.

评论