БҰҰ Бас хатшысы Ататүрік атындағы сыйлықпен марапатталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IYFj0nKxgb9JYN4wHE2J78B7En2SiVt81xpvCtNr.jpg

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш Түркияға сапары барысында Ататүрік атындағы халықаралық бейбітшілік сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы Report агенттігі жазды, деп хабарлайды "Адырна".

Сыйлықты Түркия президенті Реджеп Тайип Эрдоган табыстады.

Марапаттау рәсімі алдында Түркия басшысы БҰҰ ұйымының бітімгерлік қызметін жоғары бағалады.

Ал Антониу Гутерриш өз кезегінде өңірдегі тұрақтылықты сақтау бағытында жасалып жатқан қадамдар үшін Түркия еліне түрік тілінде алғыс білдірді.

评论