Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FfS8KqyBcjVTKWrzrHvp9q6WrwN1zIW6Eqb3GHj5.jpg

Теңіз кен орны аумағында оқыс оқиға тіркелді. Ақпаратты Теңізшевройл (ТШО) компаниясы растады, деп хабарлайды "Адырна".

Компания баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Компания белгіленген рәсімдерге сәйкес түпкілікті себептерге бағалау жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ТШО өзінің өндірістік қызметінің нақты егжей-тегжейлеріне түсініктеме бермейді", деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, оқиға қондырғылардың бірінде болған жергілікті өртке байланысты. Инцидент 11 наурыз күні кешке тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін 18 қаңтарда Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытында өрт болған еді. Осыдан кейін Теңіз кен орны мен Королевское кен орны нысандарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылған.

评论