Қазақстанда қанша сайлау учаскесі ашылғаны белгілі болды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VjrYcjfTCypsEWul0TQbz7IIaBmfK1MChZMfYQUA.jpg

Бүгін, 15 наурызда Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман осы уақытқа дейін ашылған дауыс беру учаскелерінің санын жариялады, деп хабарлайды "Адырна".

Оның мәліметінше, өңірлерде барлық 10 388 дауыс беру учаскесі жұмысын бастап, дауыс беру процесі басталды. Аумақтық комиссиялардың шешіміне сәйкес, 92 учаскеде дауыс беру таңғы 06:00-де басталған.

Мұхтар Ерманның айтуынша, сайлаушылар тізіміне 12 461 796 азамат енгізілген.

"Азаматтардың жазбаша өтініштері негізінде учаскелік комиссиялар 17 514 дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін берді. Республика бойынша барлығы 10 388 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Оның ішінде Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан 54 елде 71 учаске ашылған", – деді ол.

Айта кетейік, 15 наурыз күні Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум басталды.

 

评论