Қазақстанда Конституция есімі берілген 1 адам тұрады, сондай-ақ Атазаң мен Заң есімді бір-бір адамнан бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна".
Дауыс есімін иеленген 2 адам тұрады.
Ең көп таралғандардың ішінде сайлауға байланысты аттар. Сайлау есімі 2003 адамға қойылса, олардың жартысына жуығы 50 жастан асқандар. Бұл есімді иеленген азаматтардың көпшілігі Астана қаласында тұрады – 166 адам.
Сондай-ақ әйелдер арасында Сайлаугүл есімді 24 адам болса, Сайлаубек есімі 1 197 адамға қойылған.
