Иран Израильге қарсы соққылардың жаңа толқынын бастады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/aAYjQ45i3jJVXrqbPBnrTnA6xRWXfT4EAKLdDUdP.jpg

Иран Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджанидің қаза болуына байланысты Израильге қарсы зымыран соққыларының жаңа толқыны басталғанын жеткізді. Бұл туралы 18 наурызда IRNA жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Агенттік мәліметінше, Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Тель-Авив қаласына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасаған.

«Қатыгез израильдік режимнің зұлымдық орталығы саналатын Тель-Авивке “Шынайы уәде — 4” операциясының 61-ші толқыны аясында “Хорремшехр-4”, “Кадр”, “Имад” және “Хайбар-шкан” сияқты көп зарядты зымырандармен соққы жасалды. Бұл — шәһид доктор Әли Лариджани мен оның серіктерінің мерт болуына байланысты жасалған кек», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл шабуылдан кейін Тель-Авивтің кейбір бөліктерінде электр жарығы өшіп, жағдайды бақылау мен ішкі күштердің көмек көрсетуі қиындағаны хабарланды.

Еске салсақ, Әли Лариджани Тегеранда қаза тапқан еді. Иран президенті Масуд Пезешкиан Лариджанидің өлімі үшін қатаң кек алатынын мәлімдеп, оның қазасына байланысты көңіл айтқан.

评论