ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев ұсталды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/atMgBEx46hPHhYMV4RTgrL0b6vgden7sQhUUKO6P.webp

Алматыда ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімет таратты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. ПД мәліметінше, оқиға Медеу ауданында болған. Ер адамдар ерегісіп, арты төбелеске ұласқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, М. және Р. есімді азаматтар мас күйінде ойын-сауық мекемесінен шығып, кейін сөзге келіп қалған. Олар бір-біріне тіл тигізіп, кейін арты төбелеске ұласқан»,- деп пікір білдірді полиция департаменті. 

Айта кетейік, бүгін белсенді Санжар Боқаев ұсталғаны да айтылды.

评论
其他材料