Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты күтпеген жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ол күйеуімен ажырасқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Гүлайым Рахмонова бұрынғы жұбайының балалардан бас тартқанын да жазды:
«Балалар ажырасқаннан кейін анасына ғана керек. Бүгін ол бәрібір аналарына ұқсап кетеді деп өз балаларынан бас тартты… Соншалықты қамқор әкенің бір күннің ішінде өзгеріп, балаларын қажет етпей қалуы ешқашан ойымда болған емес. Иә, мен 4 бала дүниеге әкелдім және бесіншісін күтіп отырмын. Қызығы мен өте көп туады екенмін. Әкесіне баласы керек болмаса, балаға да әкесі енді қажет емес! Маған Алла балаларымды аяққа тұрғызу үшін күш-қуат берсін», – деп жазды ол.
