Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zZtPidmZOcecCS5JVrNISYjR3AlAQz3o3qfSoTGo.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Ораза айт мейрамымен құттықтап, оның ерекше рухани маңызын атап өтті, деп хабарлайды "Адырна".

«Бұл – бүкіл мұсылман қауымы үшін мән-маңызы ерекше, қасиетті мереке. Осы мейрамда рухани тазару мен парасаттылық, сабырлық пен қанағатшылдық, өзара сыйластық пен тілектестік, жанашырлық пен жақсылық құндылықтары дәріптеледі. Отыз күн ораза тұтқан жұрт иманын байытып, кемелдікке ұмтылады. Төзімін шыңдап, төңірегіне қамқорлық танытады. Игі істерге ұйытқы болып, мұқтаж жандарға қол ұшын созады», - деп жазылған құттықтауда.

Мемлекет басшысының құттықтау мәтінінде Ораза айттың рухани тазару, сабырлық, қанағат, өзара құрмет пен жанашырлық сияқты құндылықтарды нығайтатыны айтылған. Сондай-ақ, ораза ұстаған жандардың иманы күшейіп, төзімі артып, айналасына қамқорлық танытатыны ерекше атап өтілді.

"Биыл Ораза айт мейрамы Наурыз мерекесімен қатар келіп, ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңнің жаршысына айналды. Мұның символдық мәні зор.
Қазақстан халқы Жаңа Ата заңды қабылдап, жарқын болашаққа, Әділеттілік пен Өркендеуге бастайтын жолды таңдады. Конституциялық реформаны жаппай қолдау арқылы ұлт тарихының жаңа парағын ашты. 

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілеймін!" - деді Тоқаев.

评论