Израиль жойғышы Иран аспанында атып түсірілді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/xDWWDCrqS58QpNkRtXU9YPXXDUP1Vy0yyt4fGSmg.webp

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) қатарынан үшінші Израильдің F-16 жойғыш ұшағын атып түсіргенін мәлімдеді, депхабарлайды “Адырна”.

КСИР баспасөз қызметінің хабарлауынша, жойғыш ұшақ бүгін таңертең Иран әуе кеңістігінде Әуе-ғарыш күштерінің шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері арқылы жойылған.

«Соғыстың алғашқы 3 аптасында 200-ден астам ұшу аппаратын, соның ішінде дрондар, қанатты зымырандар, жанармай құюшы ұшақтар және ең заманауи жойғыштарды сәтті ұстап, жою – Иран мен аймақ әуе кеңістігінде қарсыласты бақылау және тосқауыл қою қабілетінің артқанын, сондай-ақ елдің әуе қорғанысының күшейгенін көрсетеді», – деп қосты баспасөз қызметі.

Бұған дейін ЦАХАЛ баспасөз қызметі Иран әуе кеңістігінде израильдік жойғышқа қарсы зениттік зымыран ұшырылғанын хабарлаған. Олардың мәліметінше, ұшақ зақым алмаған және тапсырма жоспарға сәйкес орындалған.

评论