22 наурыз күні Қатар Қорғаныс министрлігіне тиесілі тікұшақ ел жағалауына жақын жерде апатқа ұшырады, деп хабарлайды "Адырна".
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған. Бұл туралы ведомство X әлеуметтік желісінде хабарлады.
"Катар тікұшағы жоспарлы тапсырманы орындау кезінде техникалық ақауға ұшырап, соның салдарынан елдің аумақтық суларында құлады", – делінген ресми мәлімдемеде.
Қорғаныс министрлігі экипаж мүшелері мен жолаушыларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
