Блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iGIt27WcFEpmXrW7LB8UJgjhqVO1ucEE7rF5E1Ko.jpg

Осыдан екі жыл бұрын сотталған вайнер Мейіржан Төребаев жазасын өтеп, отбасына оралды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

"Сыртқы бостандығымнан айырылған кезде, ішкі бостандығымды тапты. Солай болуы керек болған екен. Өмір ұсынған сабақтарынан қаша берсек, бақытты өмір сүре алмас едік. Жаның қалаған тәжірибеден қашу мүмкін емес. Маған тыныштық қажет еді, зулаған уақыттан тыс, ешқандай рөлсіз, өзіммен өзім қалып, кім екенімді айқындау қажет еді. Кейде жаңа өзіңді жинап алу үшін сынып қалу да керек екен. Бұл сабақ үшін Аллаға рақмет. Бұл құнды сабақ болды. Жаныма ерекше саяхат болды", - деп жазды ол.

Оның жазбасына достары мен желідегі оқырмандары көптеген ізгі тілектер мен жылы лебіздерін жазған.

"Балам,аман-есен отбасыңа оралуыңмен! Жақсы күндерің алда болсын, отбасың аман, денің сау, жақсылықтарың көп болсын", "Қайта оралуыңмен, бауырым", "Ортамызға қайта оралдың", - деп жазды желі қолданущылары.

Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айында блогер Мейіржан Төребаев пен актер Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын.

2022 жылдың 20 сәуірінде олар 10 тәулікке қамауға алынып, кейін қамауға алу мерзімі екі айға ұзартылған.

Осыдан соң қамауға алу мерзімі тағы бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет күдіктілерді қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 21 қарашасында өзгертілді.

2022 жылдың 12 желтоқсанында Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов ісі сотқа жолданғаны белгілі болды.

Ал 2022 жылдың 21 желтоқсанында сот отырысы басталып, алдын ала тыңдауда айыпталушылардың адвокаттары бұлтартпау шарасын жеңілдетуді сұраған еді. Сондай-ақ Шерниязовтың адвокаты клиенттерінің әрекетінде қылмыс құрамының белгілері жоқ екенін айтып, оларға қатысты қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

Ал 2023 жылдың маусымында Алматыда Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ қаржы пирамидасы ісі бойынша басқа да айыпталушыларға сот үкімі шыққан еді.

评论