21 миллионнан астам зарядтау құрылғысы. Қытай электромобиль дәуіріне қадам басты

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/slCMFh9SWKWPRB82CtT2QlMBviEj3MokpbYKWVwh.jpg

Қытайда электромобильдерге арналған зарядтау инфрақұрылымы нысандарының саны қарқынды түрде артуын жалғастыруда. Биылғы жылдың ақпан айының соңына қарай мұндай құрылғылардың жалпы саны 21,01 миллион бірлікке жетіп, жылдық есепте 47,8%-ға өсті. Бұл туралы сенбі күні ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасы жариялаған деректерде айтылған, деп хабарлайды “Адырна”.

Аталған құрылғылардың ішінде қоғамдық пайдалануға арналғаны 4,834 миллион нысанды құрап, жылдық өсім 28,8%-ды көрсетті.

Өткен айдың соңына қарай жеке зарядтау құрылғыларының саны 16,176 миллион бірлікке жетіп, жылдық есепте 54,6%-ға артты. Бұл елді мекендерде мұндай құрылғыларға деген сұраныстың айтарлықтай өскенін көрсетеді.

Ұлттық зарядтау инфрақұрылымын мониторингтеу және қызмет көрсету платформасында жарияланған бұл деректер Қытайда электромобильдер сатылымының күрт өсуі аясында оларды қолдау желісінің кеңеюі жалғасып жатқанын айғақтайды.

Қытай автокөлік өндірушілер қауымдастығының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы елде жаңа энергия көздерін пайдаланатын көліктер өндірісі қарқын алды: өндіріс көлемі 16,626 миллион, ал сатылым 16,49 миллион бірлікті құрап, тиісінше 29% және 28,2%-ға өсті.

2025 жылдың қазан айында Қытай елде электромобильдерге арналған зарядтау инфрақұрылымын жетілдіру бойынша үш жылдық іс-қимыл жоспарын жариялады. Бұл жоспар 2027 жылдың соңына қарай жалпы қуаты 300 миллион кВт-тан асатын 28 миллион зарядтау құрылғысынан тұратын ұлттық желі құруды көздейді.

评论
其他材料