Иран кейбір елдердің кемелеріне Ормұз бұғазынан өтуге рұқсат берді

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/JNHS7j3w4sICiw1TDbdr5GjZpfvIuve9C2mqmzhA.jpg

Иран өзіне достас елдерге Ормұз бұғазынан өтуге рұқсат берді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі Аббач Аракшы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Tasnim агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз Ормұз бұғазы арқылы өзіміз достық қатынаста деп санайтын бірқатар елге ғана өтуге рұқсат бердік. Мәселен, Ресей, Үндістан, Ирак, Қытай және Пәкістан. Қарсыластарымызға бұл бұғазды пайдалануға мүмкіндік берудің мәні жоқ», — деді ол.

Иран билігінің бұл шешімі аймақтағы жаһандық теңіз қатынасын іс жүзінде екі лагерьге бөліп, АҚШ пен оның одақтастарына энергия ресурстарын тасымалдаудың ең қысқа жолын пайдалануға мүмкіндік бермейді. Тегеран бұғазды бақылау өзінің егемен құқығы екенін және бұл құқық ұлттық мүдделерді қорғау үшін пайдаланылатынын атап өтті.

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт америкалық «Эпикалық қаһар» әскери операциясын «айқын әскери жеңіс» деп атап, Вашингтон негізгі мақсаттарына жетуге жақындағанын мәлімдеген болатын. Дональд Трамп әкімшілігінің 15 тармақтан тұратын жоспарында Ормұз бұғазын халықаралық кеме қатынасына толық ашу және Иранның су жолдарын қысым құралы ретінде пайдаланудан бас тартуы негізгі талаптардың бірі болып қала береді. Алайда Тегеран өз кезегіндегі 5 тармақтан тұратын ультиматумында бұғазды бақылаудың айрықша құқығын қауіпсіздіктің басты кепілі ретінде мойындауды талап етіп отыр.

评论