Дзюдошы Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында жеңімпаз атанды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GgyiSbpDoLHvNSMGwnREXRo0qf40nDv5QaUoormv.jpg

 

Қазақстан құрамасы Дубровник қаласында (Хорватия) өткен Еуропа кубогының кезеңінде 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды "Адырна".

Команда қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлде бар.

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Данияр Шамшаев жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

60 келіге дейінгі салмақта Дамир Болатбеков турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.

 

 

评论