«Патшаларға жол жоқ». АҚШ-та Трамп саясатына қарсы наразылық акциялары өтті

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/XeRpHvdFyKtPKtI59FPIVbBkD3po5RPlFJYTj9Lr.jpg

АҚШ-та үшінші рет президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің саясатына қарсы ірі наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

«Патшаларға жол жоқ» ұранымен өткен акция Нью-Йорк қаласынан бастап Лос-Анджелес пен Вашингтон қалаларына дейінгі ондаған қаланы қамтыған.

Алғашқы наразылықтар дәл осы ұранмен 2025 жылдың басында өткен еді. Олар президент өкілеттіктерінің күшеюі мен көші-қон саясатының қатаюына жауап ретінде ұйымдастырылған. Содан бері бұл қозғалыс тұрақты сипат алып, жүздеген мың, кейде тіпті миллиондаған адамды жинайтын болды.

Бұл жолы наразылық білдірушілер күн тәртібіне Иранмен арадағы шиеленіс, көші-қон бақылауының күшеюі және өмір сүру құнының өсуі сынды мәселелерді қойған.

«Бұл — монархия емес. Билік “патшалар” мен олардың миллиардерлеріне емес, халыққа тиесілі», — дейді акцияға қатысушылар.

Ақ үй өкілдері шеруді “солшылдар желісі ұйымдастырды” деп, мұндай наразылықтар тек бұқаралық ақпарат құралдарына ғана қызық екенін мәлімдеді.

相关新闻

评论
相关新闻