Белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаев Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның соңғы сұхбатына пікір білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұған дейін депутат әлеуметтік желіні «балалар алаңына» теңеген еді.
«Қазақстанда халықтың 80%-дан астамы әлеужеліні пайдаланады. Оның ішінде билік өкілдері де бар. Әлеуметтік желілер бастапқыда әртүрлі пікір білдіру құралы ретінде жасалған. Оның ішінде кейбіріне ұнамайтын да ойлар болады. Бұрын Айдос үшін әлеуметтік желілер билікке «қарсылығын» жариялайтын басты алаң болды. Ол өзін маргинал деп санамаған. Мүмкін ұмытып кеткнн шығар. Бірақ әлеуметтік желілер бәрін есте сақтайды. Мүмкін, кейбір адамдар оны да ұнатпайтын шығар, өйткені әлеуметтік желілерге бейімделіп, саяси икемділікті жақсы меңгергендерді олар сыйламайды. Айта кетер жайт, нағыз сайлау жүйесінде кез келген депутат мұндай мәлімдеме жасаса, саяси өмірден бірден кетер еді. Алайда бізден жүйемізде бәрі керісінше»,- деді Досым Сәтбаев.
Сондай-ақ саясаттанушы Айдос Сарымның «қолайлы аймақтан шығып, нақты саясатқа кел» деген шақыруына да жауап берді.
«Мен қазір әртүрлі пікірдегі адамдардың ешқандай «қолайлы аймағы» жоқ деп ойлаймын. Керісінше, олардың көпшілігін осы пікірі үшін әлеуметтік желіден блоктау, тапсырыс бойынша ақпараттық шабуылдар арқылы анонимді түрде сынау немесе құқық қорғау органдарының қысымы күтіп тұр, ал кейбіреулер үшін тіпті қамалу қаупі бар»,-деді ол.
Досым Сәтбаев сұхбатта агрессия көптігін айтты.
«Егер сұхбатқа мұқият қарасақ, оның мазмұны іс жүзінде «оқ ату тізімін» еске салғандай әсер қалды. Қазірдің өзінде артынан келгендер мен жақында артынан келуі мүмкін адамдар көрсетілгендей. Бұл өткен ғасырдың 30-жылдарында «Правда» газетінде жарияланған мақаланы еске түсіреді, онда біреуді сынға алғаннан кейін көбіне «қара тізім» жүретін. Сондықтан бұл ешкімге тосын сый болмайды. Дегенмен, тарих қайталанса да, ол 1937 жылға қайта оралмайды деп сенгің келеді. Өйткені геосаяси хаос жағдайында елді шынымен біріктіру қажет, бірақ бұл тек конструктивті пікірлердің плюрализмі негізінде болуы тиіс»,-деді саясаттанушы.
