Танымал әнші партия қатарына қосылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8mcd0yHhMhxxGR2GjIXygDBCtKz7MYPNwOdtneUi.webp

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Ауыл" партиясына мүше болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Партия төрағасы Серік Егізбаев әншімен арнайы кездесіп, оған партиялық билетті салтанатты түрде табыс еткен. Кездесу барысында тараптар елдегі әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығы саласын қолдау және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелерін талқылады.

Қазақстандық "Ауыл" партиясы 2000 жылдың 29 наурызда құрылған. Бүгінде оның қатарында 300 мыңнан астам мүше бар.

评论