Арагчи Санкт-Петербургке барды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/IUupORWZDziwZpMVNOoJIReYobQN3XYWZzDnIL4a.jpg

Бүгін, 27 сәуірде Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Маскат пен Исламабадқа жасаған сапарынан кейін Санкт-Петербургке барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі IRNA-ға сілтеме жасап.

Сапардың мақсаты – Ресей президенті Владимир Путин және Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер бойынша келіссөздер өткізу. Әуежайда Арагчиді ресейлік ресми тұлғалар мен Иранның Ресейдегі елшісі Казем Джалали қарсы алды.

Ирандық БАҚ мәліметінше, Арагчи «Минаб-168» деген жазуы бар ұшақпен келген. Ұшақ атауы АҚШ пен Израиль соққылары салдарынан қаза тапқан Минаб қаласындағы мектеп оқушыларының құрметіне қойылған.

Иран сыртқы істер министрі халықаралық турнесін 24 сәуірде бастаған еді. Алдымен ол Пәкістанға барып, сенбі күні Оманға аттанған.

评论