Трампқа қастандық жасаған азамат өмір бойына сотталуы мүмкін – БАҚ

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BMyx9nYUzJm3xYRhuxXnia39m9xu389K7RmGZPDX.webp

АҚШ президенті Трампқа қастандық жасауға әрекеттенді деген айыппен ұсталған 31 жастағы Коул Томас Алленге қатысты алғашқы сот тыңдауы өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сот барысында федералды прокурор Джоселин Баллантайн күдіктінің әрекетіне нақты баға беріп, оның «Америка Құрама Штаттарының президентін өлтіруге әрекеттенгенін» мәлімдеді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Алленге президенттің өміріне қастандық жасау, қаруды штатаралық шекара арқылы заңсыз тасымалдау және қару қолдану баптары бойынша айып тағылып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сот отырысында күдікті өзінің компьютерлік ғылымдар бойынша магистр дәрежесі бар екенін және бұрын сотталмағанын айтты. Істі қараған судья Мэтью Шарбо Алленді бейсенбіге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Тергеу деректеріне сәйкес, Калифорния тұрғыны сәуір айының басында Вашингтондағы Hilton қонақ үйінен бөлме брондап, қалаға пойызбен келген. Тінту барысында құқық қорғау органдары одан 12-калибрлі мылтық, жартылай автоматты пистолет және үш пышақты тәркілеген.

Сондай-ақ күдікті шабуыл алдында туыстарына электронды хат жолдап, өзін «федералды өлтіруші» деп атаған және АҚШ президентін «сатқын» деп айыптағаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

相关新闻

评论
相关新闻