Илон Маск байлығының небәрі 0,06%-ын ғана қайырымдылыққа жұмсаған

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/8ORnFPwF8KMqdluEb0VsG4DI5tpTz0TwSIK1BewR.jpg

Forbes әлемдегі ең бай адамдардың жаңа рейтингін жариялады. Тізімде 839 млрд доллар байлығымен Илон Маск айқын басымдықпен көш бастап тұр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Одан кейін Ларри Пейдж (257 млрд), Сергей Брин (237 млрд), Джефф Безос (224 млрд) және Марк Цукерберг (222 млрд) орналасқан. Жалпы алғанда, бұл бестіктің жиынтық байлығы 1,8 триллион долларға жуықтайды.

Алайда зерттеу күтпеген жайтты атап өтеді. Forbes мәліметінше, Маск – ең аз қайырымдылық жасайтын миллиардерлердің бірі.

«Маск өзінің қайырымдылық қорларына 8,5 миллиард доллар көлемінде Tesla акцияларын (байлығының шамамен 1%-ы) аударған. Алайда бұл қаражаттың басым бөлігі әлі күнге дейін пайдаланылмаған. Бағалаулар бойынша, Масктың орасан байлығынан мұқтаж жандарға бөлінген қаржы шамамен 500 миллион долларды ғана, яғни 0,06%-ды құрайды»,– делінген хабарламада.

评论