Байқоңырда сағат 16.00-ге жоспарланған «Сұңқар» зымыранының ұшырылымы тоқтатылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.
«Тоқтату себебі – екінші сатыдағы тотықтырғыш бактарында қысымның төмендеуі. Ұшыру уақыты екі сағатқа шегеріліп, жергілікті уақыт бойынша 18:00-ге ауыстырылды», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бастапқыда «Сұңқар» зымыранын 27 наурызда ұшыру жоспарланған еді. Алайда техникалық себептерге байланысты зымыранның старт алу уақыты бірнеше рет резервтік күндерге ауыстырылды.
