Бүгін – Түркішілдік күні. Бауырластық нышаны

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/wrV0VlT2rXi2Uk0jBPgS03AtviGWJTFoA9kX9cuA.jpg

3 мамыр – түркі халықтарының рухани жақындығы мен тарихи бірлігін еске салатын маңызды күндердің бірі. Бұл күн Түркияда, Әзербайжанда және өзге де түркітілдес мемлекеттерде Түркішілдік күні (Türkçülük Günü) немесе Түркі әлемінің ынтымақтастық күні ретінде аталып өтеді.

Түркішілдік күнінің пайда болуы 1944 жылғы оқиғалармен тығыз байланысты. Сол жылы 3 мамырда Анкара қаласында түркішіл зиялыларды қолдаған жаппай шерулер өтті. Бұл оқиғалар билік тарапынан қысымға ұшырап, бірқатар көрнекті тұлғалар тұтқындалды. Олардың қатарында Нихал Атсыз, Зәки Уәлиди Тоған, Алпарслан Түркеш және Реха Оғыз Түрккан болды.

Олар «нәсілшілдік-тұраншылдық» айыбымен Топхане әскери түрмесі қамалды. Бұл оқиға түркішіл қозғалыстың тарихында маңызды бетбұрыс кезең ретінде есте қалды.

1945 жылдан бастап түркішіл көзқарасты ұстанушылар 3 мамырды ұлттық сана-сезімнің, еркін ойдың және бауырластықтың белгісі ретінде атап өте бастады. Уақыт өте келе бұл күн саяси сипаттан гөрі мәдени және рухани мазмұнға ие болды.

Бүгінде Түркішілдік күні – түркі халықтарының ортақ тарихи тамырын, мәдени және тілдік жақындығын, өзара ынтымақтастығын дәріптейтін күн.

Бұл мереке түрлі конференциялар, мәдени іс-шаралар, ғылыми кездесулер арқылы атап өтіледі. Түркі әлеміндегі ынтымақ пен өзара түсіністікті нығайту – оның басты мақсаты.

3 мамыр – тек тарихи оқиғаны еске алу күні ғана емес, сонымен қатар түркі халықтарының бірлігі мен болашақтағы ынтымақтастығына бағытталған символдық мереке. Ол ортақ құндылықтарды қадірлеуге, мәдени мұраны сақтауға және халықтар арасындағы байланысты нығайтуға шақырады.

评论
其他材料