Қарақалпақстанмен мәміле. 100 млн доллардан асатын келісімге қол қойылды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/sSXAsUS2wBfDJGGmX5SSCbgs56ubUQYtPzRACDpN.jpg

Ауғанстан мен Қарақалпақстан құны 100 млн доллардан асатын 13 сауда келісіміне қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ферғанаға сілтеп.

Келісімге қол қою рәсімі Кабулда 2026 жылдың 10 мамырында өткен. Іс-шараға Қарақалпақстан Республикасы парламентінің төрағасы Аманбай Орынбаев және Ауғанстанның өнеркәсіп және сауда министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизи қатысты.

Тараптар 13 бағыт бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласқан. Атап айтқанда, Ауғанстанда ұн тарту зауытын салу, Қарақалпақстаннан ұн, цемент, мұнай және макарон өнімдерін импорттау, Ауғанстанның Балх провинциясынан жаңа піскен жеміс-жидек, көкөніс, анар мен жүгері экспорттау көзделген.

Сондай-ақ 2026 жылдың наурызында Кабулда өткен конференция барысында 514,8 млн доллар көлемінде меморандумдарға қол қойылса, сәуір айында тағы 520 млн долларлық келісімдер жасалған.

Айта кетейік, келісімдер Ауғанстан мен Қарақалпақстан арасында жасалған. Ал Ташкенттегі Uzdaily басылымы жаңалықты «Ауғанстан мен Өзбекстан арасындағы келісім» ретінде жариялаған жалғыз өзбек басылымы болды.

评论