Экс-президенттің жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпарат тарады

579
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/TrHqsJMIc8qEiEcu6f2KkG612xgRPjSzMad1ry5k.jpg

Астанадағы University Medical Center (UMC) экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтің жүрегіне ота жасалғаны туралы ақпаратты жоққа шығармады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚазТАГ редакциясының хабарлауынша, журналистер жолдаған сауалға жауап берген UMC баспасөз қызметі бұған дейін БАҚ-та тараған мәліметтің «ескірген әрі өзектілігін жоғалтқанын» мәлімдеді.

«Қоғамды жаңылыстырмау үшін шындыққа сәйкес келмейтін немесе өзектілігін жоғалтқан ақпаратты таратудан бас тартуға шақырамыз», – делінген орталық жауабында.

Ал экс-президенттің жүрегіне жасалған операцияның нақты қашан өткені әзірге белгісіз.

Айта кетейік, 2023 жылы экс-президенттің жүрегіне жасалған отаның сәтті өткені туралы ақпарат тараған.

评论