Әнші Димаш Түркияда өнер көрсетеді

205
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/yvhf6ivgBXeBlcHRZohGjEBLoquMB9oF11ZtMVWl.jpg

Қазақстанның Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Түркияда өнер көрсетеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әнші Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалінің басты қонақтарының бірі болады. Өнер иесі фестиваль аясында жеке концерттік бағдарламасын ұсынады.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы ұйымдастыратын ауқымды мәдени шара 21–24 мамыр аралығында Ататүрік әуежайы аумағында өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің концерті 23 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де «Türk Telekom» басты сахнасында басталады.

Этноспорт фестивалі жыл сайын көрермен санын арттырып келеді. Өткен жылы шараға шамамен 1 миллион адам қатысқан болса, биыл келушілер санын 1,5 миллионға жеткізу жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылар бұл көрсеткішке Димаштың әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жанкүйерлері де ықпал ететінін айтады. Қазірдің өзінде әншінің тыңдармандары Ыстанбұлға келе бастаған.

评论