Матчтан соң. Жастар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

168
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RXic2wNylDhCVkofuGFx8oyDQnD1t99OMZNTrI1T.jpg

Талдықорғанда футбол матчынан кейін болған жанжал 20 жастағы студенттің өлімімен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға 7 мамыр күні Талдықорғанда болған. 

БАҚ дерегінше, марқұм Жәңгір Нұрланұлы достарымен бірге футбол көруге барған. Кейін пәтерде шамамен он шақты адам жиналып, олардың арасында кәмелетке толмағандар да болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, жастар арасында жанжал туындап, кейін күдікті Жәңгірді сыртқа шақырып алып, оған пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат салдарынан студент оқиға орнында көз жұмды.

Анасының сөзінше, мектеп оқушысы Жәңгірді қайта шақырып алып, оған алты рет пышақ сұққан. Баласынан айырылған ана ұлымен бейнеқоңырау арқылы сөйлескенін де айтты. Оның сөзінше, ұлының көңіл күйі көтеріңкі болған, әзілдесіп, кейін тағы хабарласатынын айтқан.

评论